Жаңалықтар

Жергілікті бюджеттердің кірістері бойынша жоспар 115% орындалды

Жергілікті бюджеттердің кірістері бойынша жоспар 115% орындалды
Фото: gov.kz 16.10.2024 23:30 401

Жергілікті бюджеттердің кірістері 115% орындалып, 5,8 трлн теңгеге жетті. Осылайша жоспар 765 млрд теңгеге асыра орындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің барлық өңірінде табыс жоспары асыра орындалды. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда кірістер 127% өсті немесе 1,2 трлн теңгеге артық түсті. Кірістер бойынша мұндай өсім жергілікті бюджеттерге сыртқы факторларға тәуелсіз тұрақты салықтарды бекіту есебінен қамтамасыз етілді, нәтижесінде өңірлердің қаржылық дербестігі кеңейіп, оларға өзекті мәселелердішешуге мүмкіндік берілді.

Мемлекеттік бюджетке 14,9 трлн теңге немесе жоспардың 93,2% түсті. Оның ішінде республикалық бюджетке 9 трлн теңгеден астам қаражат аударылды. Кірістер бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге кедергі келтіргеннегізгі факторларға мыналар жатады: мұнай өндіру көлемінің қысқаруы, әлемдік экономиканың баяулауы және геосаяси жағдай, негізгі экспорттық металдар бағасының төмендеуі.

Демек, түсімдер қарқынының төмендеуі өңдеу өнеркәсібі салаларында 34%, тау-кен өндіру өнеркәсібінде 6% және ақпарат және байланыс саласында шамамен 36% деңгейінде байқалды.

Соған қарамастан салықтар бойынша есепті кезеңдегіжоспар бойынша 148 млрд теңге, іс жүзінде 921 млрд теңге болатын салықтық емес төлемдердің ұлғаюымен өтеледі. Жоспардың асыра орындалуы 684 млрд теңге сомасына мемлекеттік меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер түсу есебінен қамтамасыз етілді.

Әкімшілендіруді цифрландыру саласында қабылданып жатқан шаралар тиімділікті арттырудың пәрменді құралдарының бірі болып саналады. Мәселен, 2024 жылдың 9 айында салық және кедендік әкімшілендіру шеңберінде 794 млрд теңгеге қосымша түсімдер қамтамасыз етілді.

Республикалық бюджетке трансферттер түсімдері 4,5 трлн теңгені құрады, оның ішінде Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт - 2 трлн теңге және нысаналы трансферт 2 трлн теңге сомасында тартылды.

Шығыстар

Мемлекеттік бюджет шығыстары 95,6%, республикалық бюджет шығыстары 95,5%, жергілікті бюджеттер шығыстары 97,4% орындалды. Республикалық бюджет бойынша 16,7 трлн теңге сомасына шығыстар жүргізіліп, оның ішінде әлеуметтік сала басымдыққа ие бағыт болып сақталып қалды.

Мемлекет негізгі әлеуметтік міндеттемелерді орындады: 4 трлн теңге сомасына зейнетақылар мен жәрдемақылар, өңірлерге субвенциялар – 4 трлн теңге, МӘМС нысаналы жарнасы - 1,3 трлн теңгеге төленді.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 10,1 трлн теңгені құрады. Шығыстардың негізгі үлесі әлеуметтік салаға да бағытталған-5,1 трлн теңге немесе 51,2%. Сонымен қатартұрғын үй-коммуналды шаруашылық шығындары 1,3 трлн теңгені, ауыл шаруашылығы – 602 млрд теңге көлік және коммуникация – 918 млрд теңгені құрады.

«Бюджетті орындаудың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі мемлекеттік сатып алу процесі болып саналады. Веб-порталда 120 мыңнан астам өнім беруші және 24 мыңнан астам тапсырыс беруші тіркелген.  2024 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алу көлемі 7,8 трлн теңгеден асты. Келісімшарттарды тікелей жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алу үлесін жүйелі түрде төмендету бойынша жұмыс жүргізілуде. Мәселен, 2017-2024 жылдар аралығында мұндай сатып алулардың үлесі 64 пайыздан 23 пайызға дейін қысқарды. Министрлік бюджет қаражатын, мемлекет активтерін және квазимемлекеттік сектор субъектілерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру, оның ішінде енгізілген цифрлы құралдарды кеңейту есебінен жұмысты жалғастырады», деп қорытындылады Мәди Төкешұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға