Жерге жақындап келе жатқан ғарыштық нысан байқалды
Ғалымдар Жерге қарай жақындап келе жатқан 3I/ATLAS деп аталатын ғарыш нысанынан алғашқы радиосигналды ұстап алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәліметке сүйенсек, 1665 МГц және 1667 МГц жиіліктерінде ОН жұтылу сызықтары байқалған. Сигнал 24 қазан күні Оңтүстік Африкада орналасқан MeerKAT радиотелескопының көмегімен тіркелген. Бұған дейін ғалымдар дәл осы диапазонда бірнеше рет іздеу жүргізгенімен, нәтиже болмаған еді.
Гарвард университетінің ғалымы Ави Лебтің айтуынша, 2026 жылдың 16 наурызында, 3I/ATLAS Юпитер маңынан өтетін кезде, "Юнона" ғарыш аппараты осы нысаннан төмен жиілікті сигнал ұстауға тырысады.
3I/ATLAS нысаны алғаш рет 1 шілдеде байқалған. Кейін ғалымдар оның бөтен жұлдыз жүйесінен келген комета екенін анықтады. Сондай-ақ, оның жасы шамамен 7,5 миллиард жыл екені белгілі болды - бұл Күннен шамамен 3 миллиард жылға үлкен.
Бұдан бөлек, қыркүйек айында кометада "аномальды өзгерістер" байқалып, ол түстерін өзгертуді бастаған.

