Жердегі ең сұлу бойжеткен анықталды
Филиппинде «Жер аруы» (Miss Earth) халықаралық байқауы аяқталды. Жеңімпаз атағы чехиялық Натали Пушкиноваға бұйырды. Осылайша, ұзақ уақыттан бері алғаш рет бұл тәж Еуропа өкіліне беріліп отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әлемнің ең ірі төрт сұлулық байқауының бірі саналатын «Жер аруы» конкурсы «Әлем аруы», «Ғалам аруы» және «Интернешнл аруы» байқауларымен қатар аталады. Бірақ бұл жоба тек 2001 жылдан бері ұйымдастылып келеді.
Қазылар алқасы дәстүрлі түрде төрт жеңімпазды анықтайды. Ең мәртебелі атақ – «Жер аруы», ал қалған үшеуі табиғаттың өзге стихияларына арналады: «Ауа аруы», «Су аруы» және «От аруы».
Биылғы жеңімпаздар:
«Ауа аруы» – Исландиядан келген Сольдис Вала Иварсдоттир,
«Су аруы» – вьетнамдық Чинь Ми Ань,
«От аруы» – Таиланд өкілі Вари Нгамкхам,
Ал басты тәж – «Жер аруы» атағы Чехияның 21 жастағы тұрғыны Натали Пушкиноваға бұйырды.
Натали Пушкинова туралы
Ол Прага маңында тұрады және Карл университетінде «Маркетингтік коммуникациялар және қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша білім алып жатыр. Сонымен қатар, сәнбикелікпен айналысады, тіпті Vogue журналының редакциясында тәжірибеден өткен.
Наталидің сүйікті хоббиі – су астында жүзу.
Тағам талғамы
«Жер аруының» сүйікті асы – суши. Сонымен қатар ол асшаян, паста және балмен қуырылған тауық пісіруді ұнатады.
Ал банан мен аскөк, одан қалды бұршақ тұқымдастарды – әсіресе жасымық, үрме және ноқатты мүлде жемейтінін айтады.
Күрес пен сауығу
Натали жас кезінде анорексиямен ауырғанын жасырмайды.
Модельдік агенттікте арықтауды талап ететін. Бір күні құр сүйек боп қалғанымды түсіндім, – дейді ол.
Сол шақтағы психологиялық күйзеліс пен салмақтың құбылуынан тек соңғы жылдары ғана толықтай айығып шыққан.

