©Pixabay.com

Жерде магниттік дауыл болады: одан қалай қорғану керек

Meteoagent мәліметінше, сейсенбі, 22 шілде күні Жерде магниттік дауыл басталып, 23 шілдеде күшейе түседі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бүгін, 22 шілдеде, магниттік дауылдың қуатын көрсететін К-индекс шамамен 1,7 болады. Бұл – әлсіз магниттік белсенділік. Бірақ 23 шілдеде оның мәні 3,7-ге дейін көтеріледі. Сондықтан метеосезімтал адамдар оның әсерін сезінуі мүмкін.

Geomagnetism порталы да алдағы күндері Күннің Жерге әсері артады деп болжайды. Қазір күн желінің жылдамдығы қалыпты деңгейге жақын. Алайда 22-23 шілде аралығында көрсеткіш артып, бұл өз кезегінде геомагниттік белсенділіктің G1 деңгейіндегі дауылға дейін күшеюіне әкелуі мүмкін.

G-индекс – магниттік дауылдардың күшін сипаттайтын бес балдық шкала. Ол геомагниттік дауылдың адамдарға, жануарларға, электр құрылғыларына, байланыс пен навигацияға әсерін бағалауға көмектеседі. Бұл шкала бойынша магниттік дауылдар G1 (әлсіз)-ден G5 (өте күшті)-ге дейін бөлінеді.

Магниттік дауылдардан қалай қорғануға болады – мамандар кеңесі:

Ұйқы режимін қадағалау – бір уақытта ұйықтап, жеткілікті ұйықтау;

Стресті азайту – шамадан тыс жұмыс, жанжал және мазасыз ақпараттан аулақ болу;

Алкоголь мен кофеиннен бас тарту – олар жағымсыз белгілерді күшейтуі мүмкін;

Ашық ауада уақыт өткізу – әсіресе жеңіл серуен пайдалы.