Жаңалықтар

Жер заңнамасын бұзғандарға қандай шара қолданылады

Жер заңнамасын бұзғандарға қандай шара қолданылады
Фото: stan.kz 15.02.2023 18:17 1234

Жер кодексіне бірқатар өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Абулхаир Тамабек Сенат отырысынан кейінгі брифингте айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң шеңберіндегі Жер кодексінің 137 бабына байланысты бірқатар өзгерістерді атады.

«Қазіргі таңда енгізіліп жатқан 137 бапқа жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің жауапкершілігін көздейді. 2021 жылы 30 маусымда қабылданған Жер кодексінде шетелдік азаматтарға, қандастарға, шетелдік үлесі бар заңды тұлғалар тобына немесе шетелдік тұлғалармен некеде болған азаматтарға Қазақстан Республикасында жеке меншік жер құқығы берілмейді және уақытша өтеулі жер құқығы берілмеуі туралы өзгеріс енгізілді. Соған сәйкес «Әкімшілік құқық бұзушылық» кодексіндегі өзгерістерді жер кодексіне сәйкестендіруге болады. Яғни, бұрынғы кезде шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, қандастарға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беріп жіберген болса, бірақ мемлекеттік органдар ол жерлерді қайтарумен ғана шектелетін. Демек, «Әкімшілік құқықтық бұзушылық кодексінде» ешқандай норма болмағаннан кейін шара қолданбайтын. Қазіргі таңда 137 бабқа қайта өзгеріс енгізілгеннен кейін мемлекеттік органдар егерде осындай қателік жасайтын болса, ол әкімшілік, жер қатынастары бөлімдері және басқармаларына 30 АЕК айыппұл салынады. Егерде бір жылдың ішінде екінші рет қайталанатын болса 60 АЕК айыппұл салынады», - деді вице-министр.

Ендігі таңда жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау жөніндегі функцияларды әкімдіктердің құзыретінен алып, ауыл шаруашылығы министрлігіне қайтарады.

«Тиісінше, Жер кодексінің 26 бабын бұзғандарға да айыппұл салынады. Осы тұста, жерді қазып немесе құнарлы қабатын сіңіріп алғандарға, шағын коммерциялық емес ұйымдарға 750 МРП, орта кәсіпорындарға 1000 МРП және ірі кәсіпорындарының субьектілеріне 2000 АЕК айыппұл салынады», - деді Абулхаир Тамабек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға