Жер сілкінісінен ғимарат зақымданғанда не істеу керек
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
Алматы әкімдігі жер сілкінісі салдарынан ғимарат зақымданған жағдайда не істеу керек екенін айтып, нұсқаулық жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы әкімдігінде іс-қимыл алгоритмі ұсынылды:
- Аудандық әкімдіктерде ТЖД, МКК мен басқа да орган өкілдерінің қатысуымен комиссия тобы жұмыс істейді.
- Ғимарат зақымданған жағдайда қала тұрғындары аудандық әкімдікке өтінішпен және фотоматериалдармен жүгінуі қажет.
Әрі қарай не болады:
- Комиссия зақымдану деңгейін алдын ала анықтау үшін ғимаратты тексереді.
- Тірек конструкцияларының бұзылуы бар ма, әлде бұл әрлеу материалдарының зақымдануы ма: аспалы төбе, сылақ, плитка, қасбеттің әрлеуі ме екенін анықтайды.
Мәліметті өңдеу:
- Аудандық комиссиялардан алынған ақпарат қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасына, одан кейін ҚазҚСҒЗИ-ға талдау жүргізуге беріледі.
- Институт мамандары зақымданудың себебі мен дәрежесі туралы қорытынды береді.
Жөндеу жұмысын қаржыландыру:
- Әлеуметтік нысандарды жөндеу бюджет есебінен жүзеге асырылады.
- Көппәтерлі үйлердің әрлеу элементтерін жөндеу — кондоминиум есебінен.
- Ғимараттардың тұтастығына қауіп төнген жағдайда жөндеуге қаражат мемлекеттік органдардың бюджетінен бөлінеді.

