Жаңалықтар

Жер сілкінісі туралы қызықты деректер

Жер сілкінісі туралы қызықты деректер
Фото: Getty Images 27.02.2023 21:30 17844

Жер сілкінісі – ең жойқын және қорқынышты табиғат құбылыстардың бірі. Оның болатын уақытын болжау мүмкін емес. Тіпті онымен күресу де қиын. Дегенмен адамзат зілзаладан келетін зардаптың салмағын сәл де болсын азайтуға қауқарлы. El.kz ақпараттық агенттігі жер асты дүмпулері жайлы 25 қызықты деректі ұсынады.

  • Біздің планетамызда жыл сайын миллионға жуық жер сілкінісі болады. Бірақ олардың көпшілігі ешқандай қауіп төндірмейді.
  • Жер сілкінісі табиғи себептермен де, жасанды жағдайдан да болуы мүмкін. Мысалы, тау-кен жұмыстарын жүргізу кезіндегі жерасты жарылыстары жер сілкінісіне ұласуы әбден мүмкін.
  • Жер шарында өте қауіпті жер сілкінісі орта есеппен айына екі рет болады. Бір қызығы олардың көбі елді мекендерден алыста болып жатады.
  • Егер жер сілкінісі мұхит түбінде болса, оның с алдары жойқын цунамиге ұласуы мүмкін.
  • 2013 жылы Охот теңізінің түбіндегі жер сілкінісінен болған сейсмикалық толқындар Мәскеуге дейін жеткен. Олар сейсмографтар арқылы тіркелді.
  • Тарихтағы ең күшті жер сілкіністерінің бірі 1139 жылы қазіргі Әзербайжан аумағында болған. Салдарынан таудың үлкен бөлігі өзенге құлап, оның арнасын жауып тастады. Осылайша, Гёйгёль көлі пайда болды.
  • 1556 жылғы Қытайдағы жер сілкінісі құрбан болғандар саны ең көп зілзала ретінде тарихта қалды. Табиғат апат сегіз жүз мыңнан астам адамның өмірін қиды.
  • Орташа жер сілкінісі шамамен бір минутқа ғана созылады.
  • АҚШ-тың Калифорния штатындағы Паркфилд қаласында екі тектоникалық плитаны байланыстыратын көпір бар.
  • Жердің солтүстік жарты шарында оңтүстік жарты шарға қарағанда көбірек жер сілкінісі болады.
  • Сондай-ақ Айда да жер сілкінісі, дәлірек айтқанда, ай сілкінісі болады. Бұл жайлы зерттеу деректері өте аз.
  • Алғашқы сейсмограф екі мың жыл бұрын Қытайда ойлап табылған.
  • Жойқын жер сілкіністерінің 80 пайызға жуығы Тынық мұхитының астында болады.
  • 1960 жылғы Чилидегі жер сілкінісі салдарынан туындаған цунами толқындары алты мың шақырымнан астам жерге жайылған.
  • Жер асты толқындарының тіркелген максималды жылдамдығы сағатына 360 шақырымды құрайды.
  • Жануарлар, мысалы, егеуқұйрықтар жер сілкінісі қаупін алдын ала сезе алады.
  • Бұрын-соңды тіркелген жер сілкінісінің максималды тереңдігі жеті жүз елу шақырым.
  • 2011 жылы Жапониядағы жер сілкінісінен туындаған цунами толқындары Фукусима қаласындағы атом электр станциясын қиратып, планетамыздың өз осінің айналасындағы тербелістерін он алты сантиметрге арттырды.
  • Оңтүстік Америкадағы инк халқы жер сілкіністерін ерте заманнан біледі, сондықтан инкалардың ғимараттары жер сілкінісіне төзімді болған.
  • 1811 жылы Америка Құрама Штаттарындағы жер сілкінісінен кейін Миссисипи өзенінің кейбір учаскелерінде ағыс бағыты біраз уақытқа өзгерген.
  • 2015 жылы Непалдағы жер сілкінісінен кейін Эверест шыңының биіктігі екі жарым сантиметрге төмендеді.
  • Дүние жүзіндегі жер сілкінісі ең қауіпті елдер – Жапония мен Чили Республикасы.
  • Ең ұзақ тіркелген жер сілкінісі 2004 жылы Үнді мұхитында болды, ол шамамен он минутқа созылған.
  • 2010 жылы Чилиде болған зілзала Консепсьон қаласын үш метрге жылжытып жіберген.
  • Әлемдегі әрбір төртінші жер сілкінісі Жапонияда болады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға