Жаңалықтар

Жер сілкінісі кезінде не істеуге болмайды?

Жер сілкінісі кезінде не істеуге болмайды?
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/OpenAI 04.03.2024 17:37 2165

Сейсмология институтының мамандары зілзала кезінде не істеуге болмайтынын түсіндірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Олар:

- ТЖ аймағында қалған үйге қайтқанда сақ болыңыз. Үйлерге кірмеңіз. Апат кезінде ғимаратқа зақым келген болуы мүмкін, сіз сол үйіндінің астында қалып қоюыңыз мүмкін.

- Егер ғимаратқа кіруге мәжбүр болсаңыз жолыңызға ешқандай жағдайда алаумен немесе шырақ пен жарық түсірмеңіз. Темекі шекпеңіз.

- Үйде немесе үйдің айналасында газдың немесе химиялық заттардың иісі шықпайтынына көз жеткізіңіз. Иісті сезсеңіз  төтенше қызметтерге хабарлаңыз.

- Азық-түлік қорларыңызды пайдалануға асықпаңыз, әуелі оларды тексеріңіз: олар уланған немесе бұзылған болуы мүмкін. Су жүргізу құбырларынан алынған немесе құдық суын пайдаланбас бұрын оны да тексергеніңіз жөн. 

- Егер құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқан аймаққа тап болып, бірақ сіздің көмегіңіз қажет болмаса, онда ол жерден кеткеніңіз дұрыс. Мейлінше қажеттілік туған жағдайда болмаса, ешқайда кетпеңіз.

- Жолдар бүлінген немесе бұғатталған болуы мүмкін. Жол үстінде автокөлік жүргізушілері үшін қауіп тудыратын бүлінулерге кезіккен болсаңыз ол жөнінде тездетіп төтенше қызметтерге хабарлаңыз.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға