Әлеуметтік желі

Жер сілкінісі кезінде Алматы тұрғыны тобығын сындырып алды

04.03.2024 17:53

Алматыда болған жер сілкінісі салдарынан 18 жастағы алматылық жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы ТЖД басшысы Нұрлан Атығаевтың айтуынша, ол екі тобығын сындырып алып, дәрігерлер көмегіне жүгінген. 

Ол балаларға жедел медициналық көмек көрсету орталығына түсті. Диагноз-оң жақ тобық пен аяқтың контузиясы және созылуы. Жас жігіт тұрғылықты жері бойынша емханаға амбулаториялық емделуге жіберілді.