Жаңалықтар

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді

Жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді
Фото: © Pixabay.com 02.11.2023 04:15 617

Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Энергетика министрлігі Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы қағидаларына (ҚР Энергетика министрінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 338 бұйрығы, Әділет министрлігінде 2023 жылғы 19 қыркүйекте № 33425 тіркелген) өзгерістер енгізді, - делінген мәліметте.

Атап өткенде бұйрықпен мынадай өзгерістер көзделді:

отандық өндірушілерді қолдау шаралары:

  • тиісті өнеркәсіптік сертификатпен қазақстандық тауарды растау арқылы отандық тауарларды бір көзден сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз етті (бұрын тек «CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификатты ұсынуға болатын);
  • әлеуетті өнім берушіге тиісті тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға тапсырыс беруші белгілеген сомадан 80%-дан төмен баға ұсынысын беруге тыйым салатын демпингке қарсы механизм енгізілді;
  • сатып алулардың негізін растау және теріс пайдалануды болдырмау мақсатында бір көзден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесі оңтайландырылды;
  • бір көзден сатып алу мүмкініктері офтейк келісімшарттары бойынша өндірілген тауарлардан басқа осындай тауарларды өндіруге байланысты жұмыстарды және қызметтерді (монтаждық бақылау, монтаждау немесе іске қосу жұмыстары) осы тауарларды өндірушіден сатып алу мүмкіндігімен, және «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңға сәйкес келісімшарттық сатып алу шартының шеңберінде тауарларды сатып алу мүмкіндігімен кеңейтілді.
  • тауарларды сатып алу барысында «бүркеу» шарттар жасасу фактісін болдырмау үшін келісімшарттар бойынша сатып алынған тауарлардың (келісімшарт сомасының 50%-нан аспайтын) және қызметтердің (келісімшарт сомасының 30%-нан аспайтын) жалпы құны шектелді;
  • қосалқы мердігерлердің шартты орындауға үшінші тұлғаларды тарту құқығы шектелді;
  • бұрын жарияланған, бірақ өтпеген ашық тендерге қатыспаған үшінші тұлғалардан бір көзден сатып алуға тыйым салынды;
  • отандық тауар өндірушінің тауарды сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей төленетін шарт сомасының кемінде 30% мөлшерінде аванстық төлем алуға құқығы көзделді;

тауарлық газ ресурстық базасын кеңейту шаралары:

  • газ кен орнын игеру шеңберінде кешенді газ тазарту қондырғысын салу мақсатында;
  • шикі газды дайындау және өңдеу үшін дайындық кезеңінде ұңғымаларды салу және шикі газды газ өңдеу объектілеріне немесе газ өңдеу құрылыстарына тасымалдау мақсатында
  • тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) бір көзден сатып алу мүмкіндігі қамтамасыз етілді.  
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға