Жаңалықтар

Жер қойнауын пайдаланушылар халықтың осал топтарын оқытуға қаржы бөледі

Жер қойнауын пайдаланушылар халықтың осал топтарын оқытуға қаржы бөледі
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 15.08.2023 20:04 997

Қазақстандағы жер қойнауын пайдаланушыларға халықтың әлеуметтік осал топтарынан азаматтарды оқытуға қаражат бөлуге міндеттелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы сәуірде жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық кадрларды оқытуды қаржыландыру қағидаларына өзгерістер күшіне енді.

Келесі негізгі түзетулер қарастырылған:

  • техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, оның ішінде дуальді оқыту жүйесінде білім алушылардың кәсіптік практикадан өтуі үшін қаражаттың бағыты қосылды;
  • ҚР азаматтарының біліктілігін арттыруға, қайта даярлауға қаражаттың бағыты қосылды;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарының санатына жататын жер қойнауын пайдаланушының жұмыскерлері болып табылмайтын қазақстандық кадрларды оқытуға жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерінің жалпы көлемінің 30% мөлшерінде міндетті ең төменгі шегі белгіленген.

Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарының тізімі кеңейтілді. Атап айтқанда, оған ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын азаматтар; мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар; денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінен зардап шегетін адамдар қосылды.

Сондай-ақ Ережеге мемлекеттік білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға қаражат жіберу туралы міндеттеме енгізілді.

Бұл жағдайда жұмыстарға ғимараттар мен құрылыстарды салу, күрделі және ағымдағы жөндеу; қызметтерге: ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, серверлік жабдықтың объектілері мен технологияларын іске қосу, баптау, жөндеу және (немесе) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, бейімдеу және (немесе) қолдану, деректерді өңдеу жөніндегі қызметтер, сәулет-жобалау жұмыстары, ғимараттар мен құрылыстарды салуға, күрделі және ағымдағы жөндеуге байланысты кешенді инженерлік қызметтер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға