Жер бетіндегі ең қарт әйелдің суреттері жарияланды
Өзбекстанда 130 жастағы Хувайдо Умарова Жер шарының ең қарт тұрғыны ретінде танылды. Елдің Әділет министрлігінің мәліметінше, сот Умарованың 1895 жылдың 1 қаңтарында туғанын ресми түрде тіркеген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өзбекстан тарихында алғаш рет 130 жастағы әжейдің өмір сүріп жатқаны ресми түрде расталды, – делінген министрлік хабарламасында.
Бұл іс «Ешкім құжатсыз қалмайды» атты арнайы науқан аясында қаралған. Алайда сотта оның жасын дәлелдейтін ресми деректер — метрикалық кітаптардағы немесе мұрағат құжаттарындағы жазбалар табылмағаны атап өтілді.
Егер халықаралық сарапшылар бұл жасты растаcа, Хувайдо Умарова Кітап рекордов Гиннеске енгізілуі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Жер шарындағы ең қарт тұрғын деп британдық Этель Катерхэм танылған болатын. Ол 2024 жылдың 21 тамызында 116 жасқа толған еді. Ал тарихтағы ең қарт адам — француз әйелі Жанна Луиза Кальман, ол 1997 жылы 122 жасында дүние салған.

