Жаңалықтар

Жеңіске жету үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз – Тәжімұрат Найзабеков

Жеңіске жету үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз – Тәжімұрат Найзабеков
Фото: ©El.kz/Ажар ЛАУБАЕВА 31.07.2024 14:00 634

Ертеңнен, яғни 1 тамыздан бастап кекушиннен IV балалар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты және кекушинкай каратэден Азия чемпионаты жарысы басталады. Бүкілқазақстандық кекушинкай каратэ ұйымы РҚБ президенті Тәжімұрат Найзабеков жарыс алдындағы алдын ала өзінің болжамын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс алдында өткен баспасөз конференциясында журналист «Қазақстанның жеңіске жету мүмкіндігі қандай?» деп Тәжімұрат Найзабековке сұрақ қойды. 

Біз жеңіске жету үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. Жарысты ұйымдастырушылардың басты принципі – әр елден бір әділқазы тағайындау. Бұл жолы да қатысушы мемлекеттердің әділқазылары болады. Чемпионатта әділдік, барлығына деген әділ көзқарас болуы керек, - деп жауап берді Тәжімұрат Толбайұлы.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада IV Балалар мен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты және кекушинкай каратэден Азия чемпионаты өтетіні жайлы жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға