Жаңалықтар

«Жеңіске сенімдімін». Қайрат Боранбаев Париждегі қазақстандық спортшыларға қолдау білдірді

«Жеңіске сенімдімін». Қайрат Боранбаев Париждегі қазақстандық спортшыларға қолдау білдірді
Фото: instagram.com/kairat4 29.08.2024 14:00 288

Парижде 17-ші жазғы Паралимпиада ойындары басталды. Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев әлеуметтік желісіндегі парақшасында спортшыларды қолдап, жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түнде ашылу салтанатында Қазақстанның туын волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама мүшесі Берік Ізмағанбетов пен пара нысана көздеуден Севда Алиева ұстап шықты. Парижде Олимпиада ойындары үш рет өтсе, ал Паралимпиада ойындары алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ойынға әлемнің түкпір-түкпірінен 167-ге жуық мемлекет қатысады. Осы елдерден шамамен 4400-дей спортшы бақ сынасып, өзара мықтыларды анықтайтын болады. Оның ішінде Қазақстан атынан 44 спортшы бар.

Қайрат Боранбаев Instagram желісіндегі парақшасында спортшыларды мақтан тұтатынын атап өтті.

Биылғы жылы біздің команда Паралимпиада ойындарына қатысуға рекордтық лицензия тізімін алды. Біз өз спортшыларымызды мақтан тұтамыз. Баршаңызды Паралимпиада ойындарын тамашалауды, әлеуметтік желіде өз пікірлеріңізді білдіріп, жүректерді басып, спортшыларымызға қолдауларыңызды көрсетуіңізді сұраймын. Олар мұның бәрін көреді, есте сақтайды, - деп жазды ол.

Қайрат Боранбаев жеңіске сенімді екенін айтты. 

Спортшыларымызға да айтарым бар. Құрметті біздің спортшылар, сіздер Қазақстанның мақтанышысыздар. Біз сіздерге, жеңістеріңізге және еңбектеріңізге сенеміз, осы жылдар бойы Паралимпиадаға дайындалғандарыңызды көрдік. Сіздер ең жоғары нәтижелерге қол жеткізу қарсаңында тұрсыз, мен жеңіске сенімдімін. Сіздердің Парижге барғаныңыз жанкүйерлер ретінде біз үшін үлкен жеңіс болды. Бүкіл ел сендерді қолдайтынын ұмытпаңыздар. Алға, Қазақстан!, - деді Ұлттық Паралимпиада комитетінің президенті.

Айта кетейік, Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында бүгін қазақстандық спортшылар екі спорт түрінен сайысқа түседі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kairat Boranbayev (@kairat4)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға