Жаңалықтар

Жеңіс Қасымбек Астанада кептеліс мәселесі қалай шешілетінін айтты

Жеңіс Қасымбек Астанада кептеліс мәселесі қалай шешілетінін айтты
Фото: Астана әкімдігінің ресми сайты 22.12.2023 15:10 1275

Биыл Астанада Тәуелсіздік даңғылында көпір ашылды, 70-тен астам көше жөнделді, 400 жаңа автобус сатып алынды. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Президент тапсырмасы бойынша кешенді көлік жүйесін дамыту стратегиясы әзірленіп жатыр. Жүйе жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, кептеліс санын азайтуға және т.б. мүмкіндік береді. Елорда әкімі Жеңіс Қасымбек жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мәселесі туралы айтып берді.

Тәуелсіздік даңғылының бойындағы жаңа көпір көлік кептелісі жиі болатын орындардағы қиындықты реттеді. Мысалы, Мәңгілік ел даңғылында көлік кептелісі 20%-ға дейін, Сарайшық көшесі мен Ұлы Дала көпірі сәйкесінше 15%-ға дейін азайды. Сондай-ақ, Түркістан, Ақмешіт және т.б. көшелердегі кептеліс азайды. Келер жылы Тәуелсіздік даңғылының Қабанбай батыр даңғылына дейінгі жалғасын салуды жоспарлап отырмыз, - деді Жеңіс Қасымбек.

Айтматов көшесі ашылғаннан кейін Сығанақ көшесі мен Ұлы Дала даңғылы арасындағы Тұран даңғылында көлік ағыны айтарлықтай төмендеді. Нәтижесінде көлік кептелісі 12%-ға төмендеді.

Сонымен қатар, шағын айналма жолдың құрылысы, Кенесары көшесі мен Қорғалжын тас жолының ауданында жаңа көпірдің құрылысы жүргізіліп жатыр, құрылыс жұмысы келер жылы басталады.

Сол сияқты биыл 70-тен астам көше жөнделді, 400 жаңа автобус сатып алынды – олардың 300-ден астамы пайдалануға берілді. Қалғанын 2024 жылдың 1 тоқсанында жеткізу жоспарланып отыр. Жоғарыда аталған барлық шара қозғалысы қарқынды учаскелерге түсетін жүктемені айтарлықтай азайтуға және қаланың жол-көлік инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға