Жаңалықтар

«Жеңіліп қалсақ, кешірім сұраймын». Қырғыз президенті ойын алдында жанкүйерлерге өтіншін айтты

«Жеңіліп қалсақ, кешірім сұраймын». Қырғыз президенті ойын алдында жанкүйерлерге өтіншін айтты
Фото: facebook.com/KyrgyzPresident 30.08.2023 20:24 1128

Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында «Барселона» клубының және Орталық Азияның футбол аңыздары арасындағы матч басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ойын басталмас бұрын, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров стадиондағы көрермендерді Қырғыз Республикасының тәуелсіздік күнімен құттықтады. Оған қоса, жақында Жалал-Абадта академиясын ашқан «Барселона» футбол клубының басшылығына алғысын айтты.

Егемендік күнімен құттықтаймын! Құрметті футболсүйер қауым, біздің мемлекетте тарихи іс-шара болып жатыр. Кеше Жала-Лабад «Барселона» академиясын ашып келдік. Бүгін Бішкекте «Барселона» академия құрылысының капсуласын салдық. Бұл болашақ ұрпақ үшін өте маңызды қадам екендігіне сенімдімін. «Барселона» президенті Лапорта мырзаға, біздің елде академия ашып, жас футболшыларға үлкен мүмкіндік жасап жатқандарына алғыс айтамын, - деді Садыр Жапаров.

Одан бөлек, президент матч қарсаңындағы өз ойымен бөлісті.

Біздің құрама ойыншыларының көп бөлігінің жасы 50-ден асқан. Менің де жасым 54-те. Егер, қақпамызға қисынсыз голдар жіберіп, жеңіліп қалсақ, көрермендерден алдын ала кешірім сұраймыз. Екі құрамаға да сәттілік тілеймін. Жақсы ойын көрсетеміз деген ойдамын, - деді президент.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға