©El.kz/Артем Чурсинов

Жеңілдетілген салық режимі: тізімге кімдер енді?

Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілетін қызмет түрлерінің тізімі бекітілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Үкімет қаулысында көрсетілген құжат 40 түрлі қызмет бағытын қамтиды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнайы салық режимін қолдануға рұқсат етілетін қызмет түрлерінің қоса берілген тізімі бекітілсін, – делінген Үкімет қаулысында.

Тізімге мыналар кіреді:

  • мал шаруашылығын жүргізуге көмектесетін қызметтер;
  • музыкалық аспаптар өндірісі;
  • сылақ жұмыстары;
  • ағаш ұстасы және балташы жұмыстары;
  • еден жабу және қабырғаларды әрлеу;
  • сырлау және әйнек жұмыстары;
  • желілік маркетинг арқылы бөлшек сауда;
  • такси қызметі;
  • өзге пошталық және курьерлік қызметтер (өзге пошталық қызметтен тыс);
  • дайын тағамды жеткізу;
  • тұрғын үйді жалға беру (субаренда) және басқару;
  • фотосызба қызметі;
  • ауызша және жазбаша аударма қызметі;
  • ветеринария;
  • тұрмыстық және өзге де заттарды жалға беру және лизинг;
  • тұрғын үйлерді жалпы тазалау;
  • интернет-платформалар арқылы көрсетілетін қосалқы коммерциялық қызметтер;
  • спорт және демалыс саласындағы оқыту;
  • мәдениет саласындағы білім беру;
  • өзге де білім беру қызметтері;
  • көркем және әдеби шығармашылық;
  • компьютерлер мен перифериялық құрылғыларды жөндеу;
  • байланыс құралдарын жөндеу;
  • электронды тұрмыстық техниканы жөндеу;
  • тұрмыстық, үй және бақша жабдықтарын жөндеу;
  • аяқ киім жөндеу;
  • табиғи және жасанды былғарыдан жасалған бұйымдарды жөндеу;
  • жиһаз және интерьер заттарын жөндеу;
  • сағат жөндеу;
  • зергерлік бұйымдарды жөндеу;
  • тоқыма және трикотаж бұйымдарын жөндеу;
  • киім, бас киім және текстильдік галантерея өнімдерін жөндеу;
  • тері және жүн бұйымдарын өңдеу;
  • музыкалық аспаптарды жөндеу;
  • кілемдер мен кілем бұйымдарын қалыпқа келтіру;
  • велосипед жөндеу;
  • тұрмыстық заттардың өзге түрлерін жөндеу;
  • шаштараз және сұлулық салондарының қызметі;
  • үй қызметкерлерін жалдайтын үй шаруашылықтарының қызметі;
  • үй шаруашылықтарының өз қажетіне тауар өндіру қызметі.

Қаулы 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

18 қараша күні Мемлекеттік кірістер комитетінің арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының жетекшісі Ерқанат Шынберген мәлімдегендей, 2026 жылы жеңілдетілген режимде жұмысын жалғастырғысы келетін кәсіпкерлер салық органдарына арнайы хабарлама тапсыруы тиіс.

Оның айтуынша, жаңа Салық кодексіне сәйкес, жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимі тыйым салынған тізімге енбеген барлық бизнес түріне қолданылады.

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1 наурызға дейін екі ай уақыт беріледі. Осы мерзім ішінде кәсіпкерлер өздерінің орналасқан жері бойынша салық органына жеңілдетілген режимді таңдағаны туралы хабарлама тапсыруы керек. Егер бұл хабарлама екі ай ішінде берілмесе, 1 наурыздан бастап оларды жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстырамыз, – деді Ерқанат Шынберген.