Жаңалықтар

Жеңілдетілген автонесие алу рәсімі басталмай жатып аяқталды

Жеңілдетілген автонесие алу рәсімі басталмай жатып аяқталды
Фото: inbusiness.kz 06.02.2023 13:30 1103

Жеңілдетілген автонесие алу рәсімі басталмай жатып аяқталды, , деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ баспасөз қызметінің жауабына сенсек, өтінім қабылдау бір сағат ішінде тоқтатылғанын мәлімдеді.

«Тегін қаржыландыру лимитінің болмауына байланысты өтінімдерді қабылдау тоқтатылды. Өтініштерді қабылдау Астана уақытымен таңғы сағат 10:00-де басталып, 5-7 минутта аяқталды», - деді "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ баспасөз қызметі.

Платформада жеңілдетінген автонесие алуға өтініштер саны 761 ге жеткенде сайт жұмысын тоқтатты.

10:00-де жұмысын бастаған ресми сайтқа секундына 10 000 астам өтініш түсіп, 18 секунд ішінде несие алу кезегі аяқталған.

Алдағы уақытта платформада ай сайын жүзден астам өтініш беруші тіркеле алады.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға