Жеңіл өнеркәсіп саласында 28 мың адам жұмыс істейді
Мөлдір Қайнар тілші
2024 жылы еліміздегі жеңіл өнеркәсіп нарығының көлемі 4,3 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандық өндірушілердің шамамен үлесі – 6%. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Мұхамед Андаков хабарлады.
Салада 28 мың адам жұмыс істейді, оның 60%-ы әйелдер. Бұл көрсеткіш мемлекетте жоғары әлеуметтік рөл атқарады, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Оның мәліметінше, былтыр жеңіл өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 212 млрд теңгені құрады. Соңғы 3 жылда жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің экспорты 2,5 есе өсті. Салаға салынған инвестициялар көлемі 12,4 млрд теңгені құрады.

