Жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты: Нора Джеруто чемпион атанды
30.05.2025 21:20
Фото:
ҚР ҰОК
Жеңіл атлетикадан Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Нора Джеруто 3000 метр қашықтыққа кедергілер арқылы жүгірудің финалында жеңіске жетіп, мәреге 09:10.46 уақыт көрсеткішімен келді.
Екінші орынды үндістандық Паул Чаудхари (09:12.46), ал үшінші орынды қазақстандық Дейзи Джепкемей (09:27.51) иеленді.
Осылайша, ұлттық құраманың қоржынында төрт жүлде бар. Бұған дейін Дейзи Джепкемей 10 000 метрге жүгіруден алтын, ал Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрістен қола жүлде еншілеген болатын.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

