ҚР ҰОК

Жеңіл атлет Аида Ақылбекова Азия ойындарында үздік үштікке енді

26.10.2025 23:40

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жүлдені 3000 метрге жүгіру сайысында сәтті өнер көрсеткен Аида Ақылбекова жеңіп алды.

Спортшы 10:45.21 уақыт көрсеткішімен үшінші болып мәреге жетті.

Өзбекстандық Анастасия Сильченко жарыс жеңімпазы атанды - 09:43.61. Екінші орынды Қытай спортшысы Юй Сяосюань иеленді - 10:21.85.