Жаңалықтар

Жемқорлыққа қарсы мобильді топ шымкенттіктерге заңгерлік көмек көрсетті

Жемқорлыққа қарсы мобильді топ шымкенттіктерге заңгерлік көмек көрсетті
Фото: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шымкент қ. департаменті 14.08.2024 05:22 532

Шымкентте жемқорлыққа қарсы мобильді топ тұрғындарға заңгерлік көмек көрсетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаменті ұйымдастырған акция Еңбек мобильділігі орталығында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топтың жұмысына адвокаттар, заңгерлер, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілері қатысты.

Департамент мәліметінше, тұрғындар білім беру, тұрғын үй, көлік, жұмыспен қамту, жасына байланысты зейнетақыны рәсімдеу, мүгедектікке шығу, сондай-ақ құқық қорғау қызметіне жұмысқа орналасуға қатысты мәселелермен жүгінді.

Іс-шара барысында жемқорлыққа қарсы волонтерлар антикормен кері байланыс арналары (1424 Call-орталығы) туралы түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырып, пара талап еткен жағдайда не істеу керектігі туралы брошюралар таратты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға