Жемқорлыққа қарсы агенттіктің бұрынғы төрағасы тергеліп жатыр
06.09.2025 11:28
Фото:
Сенат
Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ ол басшылық лауазымдарда болған әртүрлі кезеңдерде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Барлық қылмыстық істер бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылды.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.

