Жаңалықтар

"Жемқорлық – індет, жою – міндет". Кеселдің алдын алу үшін не істеледі

"Жемқорлық – індет, жою – міндет". Кеселдің алдын алу үшін не істеледі
Фото: Ашық дереккөзден 27.02.2024 01:58 384

Қоғамда жемқорлық аса қауіпті екені жиі айтылады. Бұл жегі құрт тәрізді кеселдің алдын алу үшін не істелуі керек? El.kz ақпарат агенттігінің тілшісі сараптаған шолуды назарларыңызға ұсынамыз. 

Жемқорлық (латын тілінен аударғанда, corruptio – сатып алу, бүлдіру) термині әдетте, лауазымды тұлғаның өзінің билік өкілеттігін және оған сеніп тапсырылған құқықтарын өзінің жеке басының пайдасы мен мүддесі үшін пайдаланатын, заңнама мен моральдық ұстанымдарға қайшы келетін ұғымды білдіреді. Аталған термин неғұрлым жиі бюрократиялық аппарат және саяси элитаға қатысты қолданылады.

Сыбайлас жемқорлық – ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін қауіпті және барлық жерде терең таралған неғұрлым жағымсыз әлеуметтік құбылыстардың бірі. Оның зиянды әсері, мемлекеттің құрылысы мен дәстүріне қарамастан, кез келген елде сезіледі. Сыбайлас жемқорлықты толықтай жою бірде-бір мемлекеттің қолынан келмеді, алайда қоғамдағы сыбайлас жемқорлық табалдырығын төмендетуі мүмкін.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – лауазымдық орынды теріс пайдалануға жол бермеу бойынша іс-шаралар. Бұндай іс-шараларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірыңғай орталықты құру, биліктің барлық тармақтарында кадрларды тағайындау үдерісін жетілдіру, қоғамның әр мүшесін ағарту және ынталандыру жатады.

Соңғы жылдар бойы Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға мемлекеттік басқарудың жоғары деңгейінде үлкен көңіл бөлініп отыр. 1998 жылғы 2 шілдеде елімізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының № 267-І Заңы қабылданды. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялады.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спорттық медицина және оңалту орталығы (бұдан әрі – Орталық) өз қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша қисыны бар және нормаларды қолданады.

Дәрігерлер мен медициналық ұйымдарға, медицина саласындағы студенттер мен өз денсаулық жағдайын ойлайтын барлық азаматтарға арналған MedElement медициналық ақпараттық платформасы – «бұлтты» сервистер және ақпараттық жүйелер пайдаланылады.

MedElement жобасының мақсаты – халық денсаулығын жақсарту және оларға қөрсетілетін медициналық көмек сапасын арттыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» халыққа жолдауында Қазақстанның даму стратегиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін құру үшін қуатты импульс болды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ескерту және болдырмау мақсатында Орталық қызметкерлеріне әрбір құрылымдық бөлімшелерде олардың әріптестерінің қоғам назарына ілінген істер бойынша жемқорлықпен ұсталған фактілері түсірілген бейнероликтер, сондай-ақ түзету колонияларында жазасын өтеп жатқан бұрынғы қызметкерлердің өкініштері жөніндегі видеосюжеттер көрсетілді.

Өз қызметінде Орталық Қазақстан Республикасының Еңбек, Бюджет, Азаматтық, Салық кодекстерін, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 Қаулысын, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V ҚРЗ Заңын, «Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының басшылары, мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту турлы» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы №191 бұйрығын басшылыққа алады.

Мемлекеттік сатып алуларды Орталық «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Заңында және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығында белгіленген нормаларға сәйкес жүргізеді. Тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алу электронды түрде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жүргізіледі және жеткізушілермен қандай да бір байланысқа шығуға жол берілмейді. Шарттарды электронды форматта жасасу веб-порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша толық және сенімді ақпаратты қалыптастыруға және олардың орташа сатып алу бағасын анықтауға мүмкіндік берді. Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы мен айқындығына бағытталған электронды шарттар және басқа да нормалар қатарын ендіру сыбайлас жомқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға