Жаңалықтар

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 72 мектеп салынады

Жемқорлардан тәркіленген қаржыға 72 мектеп салынады
Фото: Коллаж El.kz 28.04.2023 09:55 882

 Үкімет сыбайлас жемқорлардан сот арқылы алынып, мемлекетке өткен ақшалай қаражатты мектептердің құрылысына беру механизмін бекітті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тиісті түзетулер енгізілген қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды.

Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жемқорлардан алынған қаражатты білім беру инфрақұрылымын қолдауға бағыттауды тапсырған еді.

Жалпы, мектеп салу Үкімет пен әкімдіктер үшін басты міндеттердің бірі болуы керек. Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс,- деді президент.

Бүгінгі таңда білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 миллиард теңге түсті.

Сонымен қатар ел басшылығының тапсырмасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясы 106,7 млрд теңгені құрайтын 72 жобаны қолдады. Атап айтқанда, 94,1  миллиард теңге 85 мың орындық 69 мектептің құрылысын аяқтауға; тағы 12,6  миллиард теңге 3 жаңа нысанның (екі ауысымда 1400 орынға арналған 2 мектеп және 200 орындық мектеп-интернат) құрылысын аяқтауға бағытталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға