Жаңалықтар

Жемқорлар қайтарған ақшаға тағы 20 мектеп салынады

Жемқорлар қайтарған ақшаға тағы 20 мектеп  салынады
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 06.02.2024 20:02 639

Жемқорлар қайтарған ақшаға тағы 15 мыңға жуық оқушыға 20 мектеп салынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланды.

Оған мыналар кіреді:

  • апатты мектептерді ауыстыратын 2 740 оқушыға арналған 5 мектеп құрылысы (екі ауысымда);
  • үш ауысымда оқытуды жою үшін 1 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
  • оқушы орнының тапшылығын жою үшін 8 976 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
  • тозығы жеткен мектепті ауыстыратын 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
  • екі мектепке қосымша корпустар салу (мәжіліс және спорт залдары, асханалар).

Шымкент қаласында, Жетісу және Қызылорда облыстарында 3 мектептен, Жамбыл облысында 4 мектеп, Астана қаласы мен Алматы облысында 2 мектептен, БҚО, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 1 мектептен салынады.

Айта кетейік, былтыр білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан 96 млрд теңгеге 76 738 оқушы орынына арналған 62 жоба қаржыландырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға