Жаңалықтар

Желіде жастарды көшеден әскерге күштеп ұстап әкетіп жатқан видео тарады

Желіде жастарды көшеден әскерге күштеп ұстап әкетіп жатқан видео тарады
Фото: Қорғаныс министрлігі 12.11.2024 17:47 343

Желіде жастарды әскерге көшеден ұстап әкетіп жатқан видео тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мерзімді әскери қызметке шақырудың қолданыстағы тәртібі туралы Қорғаныс министрлігі, пікір білдірді.

Министрліктің мәліметінше, күзгі және көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде шақыру қағазын алған жастар жергілікті әскери басқару органдарына өз еркімен бармайды.

Сонымен қатар, әскерге шақырылушыларды тіркеуге олардың тіркелген мекенжайында болмауы, көшкен кезде жаңа мекенжай бойынша тіркелмеуі де ебеп болады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, шақыру қағазын жеке өзі тапсыру мүмкін болмаған жағдайда, оның келуін қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктеледі. Рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде кейде азаматтар полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық танытады, – делінген министрлік хабарламасында.

Мұндай жағдайларда полиция оларды мәжбүрлеп ұстап, жеткізуді жүзеге асыруға құқылы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға