Жаңалықтар

Желіде ҰБТ тапсырған түлектердің әсерімен бөліскен видеосы тарады

Желіде ҰБТ тапсырған түлектердің әсерімен бөліскен видеосы тарады
Фото: Видеодан кадр 04.06.2024 11:31 497

Желіде қазақстандық түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаннан кейінгі әсерлері тарап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған видеолардан түлектердің тестілеуден шыққан соң көз жастарына ерік бергендерін көруге болады.

Бірінші видеодан «9 ай бойғы дайындалған еңбегім ақталды», - деп көз жасына ерік берген түлекті көруге болады.

Енді бірі ҰБТ-дан 134 балл алғанын анасына хабарласып бөлісіп жатыр.

Көп күткен сәт. ҰБТ-дан 121 балл алдым. Күшті,- дейді.

Түлектерді қолдауға келген ата-аналары да толқып жүргенін байқауға болады.  

Тұңғышым тестілеу тапсырып жатыр. Бүгін тағы толғаттым. Қайта дүниеге алып келдім.

Тіпті, 134 балл алған түлектердің өзінің баллына көңілі толмағандары да болды. Оның  136-137 балл алуды қалаған.

Тарихтан 20-дан 20 балл. Географиядан 50-ден 49 балл. Математикадан 50-ден 48 балл. Математикалық сауаттылық 10-нан 10 балл. Оқу сауаттылығы 10-нан 8 балл болды. Сұрақтар өте оңай болды. Негізі қиын сұрақтарға дайындалып келіп едім, - деп  ҰБТ-дан 135 балл алған түлек өз әсерімен бөлісті.

Енді бірі ҰБТ-дан алған 129 баллын аз көріп, «негізі 132 алып жүргенмін» дейді.

Баламның еңбегі ақталды. 120 балл алды. Шүкір. Күндіз-түні дайындалды. Ұстаздарына, кураторларына рахмет, - деп көзіне жас алды 2024 жылғы түлектің анасы. 

Ағылшын таңдаған түлектер болса ielts тапсырған дұрыс, ал қалған пәндерге жақсылап дайындалындар, - дейді ҰБТ-2024-те ең бірінші күні тестке кірген түлек.

Айта кетейік, елімізде 16 мамырдан бастап 2024 жылдың негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуі басталды. 180 мыңнан астам түлек тестілеу қатысуға ниет білдірген, олардың әрқайсысында екі мүмкіндіктен болады. Тестілеу 5 шілдеге дейін жалғасады. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от 🇰🇿© ZTB QAZAQSTAN 2024 (@ztb_media)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға