Желіде келінін «жүгендеп», сәлем салдырған ененің видеосы тарады
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
17.10.2024 16:18
1046
Желіде келінінің мойнына жүген салып, сәлем салдырып жүрген ененің видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бейнежазбадан егде жастағы әйелдің жас келінді «жүгендеп» алып, отырған адамдарға сәлем салдырып жүргенін көруге болады.
Желі қолданушылары видеодағылар қазақтар деп болжап отыр.
«Жиіркенішті екен», «Келін квадробика шығар», «Қайда барамыз мына түрімізбен?», «Осындай идеялар қалай туындайды екен?», «Қазақта мұндай салт бар ма?», «Қытай қазақтары ма екен?», - деп жазып жатыр көпшілік қауым.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Мемлекет басшысы №23 жаңа өрт сөндіру бөліміне барды