Жаңалықтар

Жекешелендіру тізбесін кеңейту үшін бірқатар критерий енгізілмек

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды
Жекешелендіру тізбесін кеңейту үшін бірқатар критерий енгізілмек
Фото: Үкімет 06.12.2022 10:50 2049

Жекешелендіру тізбесін одан әрі кеңейтуде бірқатар критерийлер енгізілуде. Бұл туралы Ұлттық экономика миристрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Агенттіктің мандатын кеңейту шеңберінде жекешелендірудің жаңа екі критерийі енгізілді, ол монополияға қарсы органның бәсекелестік ортаға беру жөніндегі ұсынысының болуы және монополияға қарсы орган ұсынған тауар нарығында болу мерзімінің өтуі», - деді министр.

Бүгінгі таңда кешенді жоспар бойынша 170-тен астам нысан қосылғанын атап өтті.

«Бұл ретте, жекешелендіру кезінде мемлекет мүдделерін сақтау мақсатында стратегиялық ұйымдардағы, мәселен, ҚазМұнайГаз, Қазақстан темір жолы, QazaqGaz және т.б. компанияларында бақылау үлесін сақтау және сатып алу-сату шартын жасасқанға дейін қызметкерлер штатын қысқартпау ережелері көзделген», - деді ол.

Объектілер уақытылы сатуға шығарылмаған жағдайда, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға