Жаңалықтар

Жекеменшік емханаларда түсік жасататын жасөспірім қыздар қатары көбейген

Жекеменшік емханаларда түсік жасататын жасөспірім қыздар қатары көбейген
21.05.2023 18:25 1214

Жасөспірім қыздар арасындағы ерте жүктіліктің статистикасы жыл санап жасарып бара жатыр, деп хабарлайды  Еl.kz ақпарат агенттігі..

Massaget.kz-тің жазуынша, кәмелетке толмаған қыздардың көбі жасанды түсікті жекеменшік емханаларға жасататыны анықталған. 

Тараздық акушер-гинеколог Гүлжан Қайырбекқызының айтуынша, 18 жасқа толмай жүкті болып қалғандар арасында жасанды түсік жасату жағдайларының нақты санын анықтау мүмкін емес екенін айтады. Кейбір жекеменшік емханалар олардың нақты статикасын көрсетпейді екен.

Жүктіліктің жолын кесудің заңсыз жолы бәлкім оларға бір рет көмектесер. Бірақ мұндай қадамдардың соңы оның болашағына балта шабуы мүмкін. Жасанды түсік жасатқан бойжеткендер кейін отбасылы болғанда ұзақ уақыт бала көтере алмай жатады. Бұлай опық жейтін жағдайға ұрынбау үшін жүктіліктің алдын алса, дейміз амалсыз, - дейді акушер-гинеколог.

Маман тұрмыс құрмай жүкті болып қалған қыздардың басым көпшілігі жайсыз отбасынан шықққан жасөспірімдер екенін айтады.

Отбасындағы әлеуметтік жағдай жасөспірімдердің санасына қатты әсер ететініне көзім жетті. Қатарынан қалмау әсіресе, қыздар үшін маңызды. Материалдық жағынан құрбысынан кейін қалып тұрған қыз балалар жігіттермен достасып, соның соңы осындай жағдайларға ұрындырып жатады", - деді Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің Дана Мырзаева.

Психолог аңдамай жүріп алданып қалатындардың арасында  9-сыныпты бітірген соң, қалаға колледжге оқуға келетін қыздар көп екенін айтады. Сондықтан, мүмкіндігінше қыз баланы мектеп бітіргенше отбасынан жырақ жібермеген дұрыс деп есептейді.

Жамбыл облыстық білім басқармасының мамандары берген мәліметінше, өңірде ерте жүкті болған 250-ге жуық жасөспірім 17 жасқа толмаған екен. Арасында мектеп оқушылары және колледж студенттері де бар. Дерекке сүйенсек, 2021 жылы ерте жүктіліктің 244 жағдайы тіркелген екен. 2022 жылы бұл статистика 300-ден асқан.

БҰҰ өз деректерінде Қазақстандағы әрбір алтыншы жүктілік абортпен аяқталатынын жариялаған. Түсік жасатудың басым көпшілігі – 18 жасқа толмаған қыздар көрінеді. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға