«Жеке үйдегі газ жарылысы»: денесін 96 пайыз күйік шалған әйел көз жұмды
Мөлдір Қайнар тілші
Талдықорғанда 31 желтоқсанда жеке үйдегі газ жарылып, салдарынан сол күні ер адам қаза тапқан еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
5 қаңтарда 46 жастағы әйел көз жұмды. Оның денесінің 96 пайызын күйік шалған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен 7 адамның екеуі қайтыс болды. Олар әйелі мен күйеуі. Қазір денесінің 38-40 пайызын күйік шалған тағы бір науқас жансақтау бөлімінде жатыр.
Тергеу заңнамаға қатаң сәйкес жүргізіледі және оның шеңберіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. Бұл істі департамент басшылығы ерекше бақылауға алды, - дейді Жетісу облыстық полиция департаменті.

