Жаңалықтар

Жеке тұлғаларға мүлік салығын төлеу мерзімі ауыстырылды

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады
Жеке тұлғаларға мүлік салығын төлеу мерзімі ауыстырылды
Фото: egemen.kz 03.10.2022 13:16 2735

Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты төлеу мерзімі «1 қазан» демалыс күніне сәйкес келгендіктен, төлеу мерзімі 2022 жылғы 3 қазанға ауыстырылады, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Салық кодексінің 38-бабы 2-тармағының ережесіне сәйкес, егер салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні демалыс күніне келетін болса, онда төлем мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады. Сондықтан, 1 қазанға дейін төлем жасай алмаған азаматтар бүгін салығын өтей алады. Өсімпұлды есептеу ағымдағы жылдың 4 қазанынан басталады. 

Есептелген салық сомасын «kgd.gov.kz» сайтында және «E-salyq Azamat» мобильді қосымшасында «Алдағы төлемдер» сервисінен, сондай-ақ банктердің Homebank және Kaspi.kz (мемлекеттік қызметтер – салық – көлік және мүлік салығы- ЖСН теру) мобильді қосымшаларында білуге болады. 

Салық бойынша берешектің бар не жоқ екенін «e-Salyq Azamat» (AppStore, PlayMarket) мобильді қосымшасы→Электрондық сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек сервисі→ЖСН енгізу арқылы тексеруге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға