Жаңалықтар

ЖЭК іскерлік қоғамдастығымен ашық диалог өтті

ЖЭК іскерлік қоғамдастығымен ашық диалог өтті
Фото: gov.kz 16.10.2023 03:28 586

Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Ж. Д. Нұрмағанбетовтың қатысуымен «Ми шабуылы: жаңартылатын энергетиканың бүгіні мен болашағы» ашық диалог өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Ашық диалог нарық қатысушыларымен ҚР Энергетика министрлігі «KEGOC» АҚ және «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығымен бірлесіп, Бірыңғай сатып алушының және электр энергиясының теңгерімдеуші Нарығының жұмыс істеу мәселелерін талқылау мақсатында өткізілді.

Диалогқа ЖЭК секторының іскерлік қоғамдастығының 100-ден астам қатысушысы қатысты: инвесторлар, әзірлеушілер, жабдықтарды жеткізушілер, халықаралық қаржы институттары және қоғамдық ұйымдар.

Бизнеспен ашық диалог барысында ЖЭК секторының өзекті мәселелері қозғалды: ЖЭК объектілерінің электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуы, энергия жинақтау жүйелерін дамыту, гидроэлектростанциялар жобаларын дамыту, аукциондық сауда-саттық тетігін одан әрі жетілдіру.

Энергетика министрлігі нарық субъектілері көтерген мәселелерді жүйелі негізде шешетін болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға