Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіт 2 айға қамауға алынды
03.02.2024 20:20
Фото:
Видеодан кадр
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жүргізушісін ұрған жігіт 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Еске салсақ, Қарағандыда 27 қаңтар күні сағат 00.20 шамасында жас жігіт жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты деген күдікке ілінді. Оның үстінен бұзақылық әрекетпен адам денесіне қасақана дене жарақатын келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды. Алайда ол тергеу барысында бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын.
Кейінірек жас жігіттің халықтан кешірім сұраған видеосы желіде тарады. Ал 1 ақпанда Бас прокуратура ер адам ұсталғанын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
- Қарағандыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды
- Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған жігіт халықтан кешірім сұрады
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

