Жазушы Хасен Әдібаевтың туғанына 100 жыл толды
26.08.2024 11:27
Фото:
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Бүгін жазушы, әдебиет сыншысы, педагог Хасен Әдібаевтың туғанына 100 жыл, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаламгер 1959 жылдан бастап Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде ұстаздық етті. Оның «Уақыт және суреткер», «Талант, талғам, тағдыр», «Көкжиек» атты сын-зерттеу кітаптары қазақ әдебиетінің келелі мәселелері, әдеби шеберлік пен жанрлар типологиясына, көрнекті қаламгерлердің шығармашылықтарын саралауға арналған.
Жазушының «Таңбалы адам», «Отырар ойраны» романы, «Әупілдек» повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрген. Орыс мектептеріне, арнаулы және жоғары оқу орындарына арналған бірнеше қазақ әдебиеті оқулықтарын жазған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

