Видеодан алынған кадр

Жазушы ескі күнделіктерін оқып, TikTok-та танымал болды

Әдеби агент Бетси Лернер 20-30 жасында жазған күнделіктерін дауыстап оқу арқылы TikTok-та танымал болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Автордың сөзінше, ол Патти Смит пен Темпл Грандин туралы еңбектерін насихаттау мақсатында әлеуметтік желіде парақша ашқан. The Guardian басылымының дерегінше, танымалдылық оған жас кезіндегі күнделіктерін оқу арқылы келген. Оның жастық шағына қатысты әсерлі ой-толғанысы миллионнан аса қаралым жинаған.

40 жылдан кейін күнделік беттерін парақтай отырып, Лернер былай деп жазады:

20 жасымдағы ең үлкен парадокстардың бірі – уақыт жетпей жатқандай сезім. Ал шындығында, ол кезде сенде шексіз уақыт бар екен ғой.

@betsylerner #journaling #journal #diary #writersoftiktok #twenties #writer ♬ Blackbird - Acoustic Guitar Poet

Әйелдің айтуынша, сол кезеңде кез келген эмоция оған барлығын жұтып қоятындай, мәңгілік болып сезілген:

Қандай күйде болсам да, ол менімен мәңгі қалады деп сенетінмін... Бірақ олай емес. Бәрі өзгереді.

@betsylerner #journaling #journal #diaires #twenties #junioryear #depression #mentalhealth #booktok #writersoftiktok #bookish ♬ Blackbird - Acoustic Guitar Poet

Видеолардың бірінде ол өзінің өмірін түбегейлі өзгерткен поэзиялық воркшопқа қабылданғаны туралы хатты табады. Сол сәтте көрермендеріне үн қатты:

Қолымнан келмейді деп уайымдамаңыздар, бастысы, тоқтамаңыздар.

Лернер күнделігін 11 жасынан бастап жүргізген. Бұған оны «Анна Франктың күнделігі» шабыттандырған екен. Бірақ 18 жасқа дейінгі жазбалары сақталмаған. Ал 20-30 жасында толтырған 30-ға жуық дәптері шатырда мұқият сақталған.

@betsylerner #journaling #journal #diaries #writing #writersoftiktok #poetry #twenties ♬ Blackbird - Instrumental Version - Thai Merritt

Менің күнделіктерім мұңға толы. Олардың бәрі – жалғыздық, махаббат пен достықты іздеу, өзімді түсінуге тырысу жайлы, - дейді Лернер басылымға берген сұхбатында.

Әйел бірнеше автобиографиялық кітап жазған: Food and Loathing – дұрыс тамақтану жайлы, Shred Sisters – анасын, ең жақын досын, жиенін жоғалтқандағы қайғысы жайлы. Қазір ол жаңа туынды жазып жатыр. Сөзінше, жазуға шабытты күнделіктерінен де іздейді.