Жаңалықтар

Жазғы Олимпиадаға қатысқан ең жас қазақстандық топ-10 спортшы

Жазғы Олимпиадаға қатысқан ең жас қазақстандық топ-10 спортшы
Фото: © Freepik.com 15.07.2024 08:30 998

Екі аптадан кейін басталатын Париж Олимпиадасына елімізден ең жас спортшы ретінде 17 жастағы таеквондошы Батырхан Төлеуғали барады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Батырхан 25 шілдеде 18 жасқа толмақ. Бұдан бөлек, елімізден 18 жастағы 13 спортшы ел намысын қорғаған.

Назарларыңызға жазғы Олимпиадаға барған ең жас спортшыларды ұсынамыз.

1. 13 жастағы Екатерина Руденко — 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында 100 метрге шалқалай жүзуден 45-орынға ие болды.

2. 14 жастағы Анастасия Прилепа — 2004 жылы Афина Олимпиадасында 100 метрге шалқалай жүзуді 38-орынмен аяқтады.

3. 15 жастағы Ольга Кожевникова — 1996 жылы Атланта Олимпиадасында спорттық гимнастикадан 5 түрлі сайыста өнер көрсетіп, көпсайыста ең жоғарғы 56-орынға тұрақтады.

4. 16 жастағы Мөлдір Әзімбай — 2012 жылы Лондон Олимпиадасында спорттық гимнастикадан 4 түрлі сайыста өнер көрсетіп, көпсайыста ең жоғарғы 58-орынмен бітірді.

5. 17 жастағы Юлия Рисик — 2004 жылы Афина Олимпиадасында 200 метрге еркін жүзуден жарысты 41-орынмен тәмамдады.

6. 17 жастағы Елена Скалинская — 2004 жылы Афина Олимпиадасында жүзуден 2 қашықтықта бақ сынап, 50 метрге еркін жүзуден ең жоғарғы 39-орынмен аяқтады.

7. 17 жастағы Михаил Емельянов — 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында каноэде ескек есуден 500 және 1000 метр қашықтықтағы сайысқа қатысты.

8. 17 жастағы Артур Дилман — 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында 200 метрге еркін жүзуден жарысты 52-орынмен тәмамдады.

9. 17 жастағы Екатерина Руденко — 2012 жылы Лондон Олимпиадасында 100 метрге шалқалай жүзуден 38-орынға ие болды.

10. 17 жастағы Сабина Әшірбаева — 2016 жылы Рио Олимпиадасында көркем гимнастикадан бақ сынады (12-орын).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға