Жаңалықтар

Жазғы Олимпиада ойындарында 19 комментатор қызмет көрсетеді

Жазғы Олимпиада ойындарында 19 комментатор қызмет көрсетеді
Фото: olympic.kz/ ©Sabirov Sali 25.07.2024 05:47 407
Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төртжылдықтың басты бәсекесінде ел намысын спорттың 25 түрінен 80 спортшы қорғайды. Парижде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының арнайы түсірілім тобы жұмыс істейді.

Сонымен бірге «Qazaqstan», «Qazsport» арналарынан күн сайын «Олимпиада күнделігі», «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде «Париж 2024» студиялық бағдарламасы эфирге шығады.

Екі арна эфирінде 19 комментатор жұмыс істейді. Олар: Есей Жеңісұлы, Руслан Бақытжан, Шалқар Естен, Ғалым Сүлейменов, Ерсін Ерікұлы, Азат Смағұлов, Лилиана Әлжанова, Исатай Мәдиев, Олжас Байбосынов, Уәлихан Қосанбай, Жандос Қонысбаев, Сергей Райлян, Әділет Құсайынов, Тимур Сүлейменов, Александр Олейник, Дмитрий Нестеренко, Эльдар Аманбаев, Арман Абдрахманов, Ербол Қайыров.

Ойындардың ашылу салтанаты 26 шілде күні сағат 22:25-те тікелей эфирде көрсетіледі.

Ашылу салтанатын «Qazaqstan» арнасында Есей Жеңісұлы мен Руслан Бақытжан, «Qazsport» арнасында Уәлихан Қосанбай мен Сергей Райлян жүргізеді.

Сондай-ақ ойындарды ел аумағында qazaqstan.tv, qazsporttv.kz сайттары мен «Qazaqstan.tv», Birge.TV мобильді қосымшалары арқылы онлайн тамашалауға болады.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға