Жаңалықтар

Жазасын өтеушілердің құқығы неге тапталады?

Қоғамдық тыңдау
15.07.2016 12:11 2663

Астанада «Ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесінде азаптауға қарсы іс-қимыл» тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті.

Жазасын өтеушілердің құқығы неге тапталады?

Таңдауға Ішкі істер министрінің тергеу ісі бойынша орынбасары Рашид Жақыпов, Қоғамдық кеңес мүшелері мен мемлекеттік орган мүшелері қатысты. Жиынға республика бойынша барлық облыстардан құзыретті өкілдер онлайн режимде пікір алмасып, сауалдарға жауап берді.

Қазақстан БҰҰ-ның Азаптауға қарсы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялағанына биыл сегіз жыл толып отыр. Нәтижесінде бүгінгі күні қамау орындарын БҰҰ Азаптауға қарсы комитетінің өкілдері, әртүрлі құқық қорғау ұйымдары, консулдықтары еркін аралайды. 

Жиын барысында қатысушылар мен спикерлерге нақты проблема мен оны шешудің жолдары жайлы айту талап етілді. Осындай сұрақ-жауап барысында заңгерлер айыпталушының құқығы тапталған фактілерді тізіп, құзыретті органдардан жауап алды.
Сонымен қатар, мамандардың айтуынша 2016 жылдың 5 айы ішінде қоғамдық бақылау комиссиясы ҚАЖ мекемесін 112 рет, адам құқықтарын сақтау мәселесі бойынша қызметкерлермен және сотталғандармен дөңгелек үстелдер, кездесулер түрінде 109 рет бірлескен іс-шаралар өткізген.
Қазіргі уақытта қабылданған шаралардың нәтижесінде түзеу мекемелерінде қылмыс 50%-ға азайды, қасақана заң бұзушылықтар 48%, дене мүшесін зақымдау 32%, өлім-жітім 30%-ға, арнайы құралдарды пайдалану фактісі 40%, ал соңғы екі жылда алты есеге азайды.
Түзеу мекемелерінде ұстау жағдайларын жақсарту мақсатында материалдық-техникалық және тұрмыстық қызмет көрсету бойынша шаралар қабылданып жатыр. Сотталғандардың тамақтану нормасы көбейтіліп, медициналық көмек жақсартылған. Бiр сотталған ер адамға шаққандағы тұрғын алаң нормасын 2,5-нан 3,5 шаршы метрге дейін, ал әйелдер үшін 4-ке дейін, емханалар мен балалар колониясындағы тұрғын алаңын тиісінше 5-тен 6,5 шаршы метрге дейін кеңейтілді.
ҚАЖ комитеті төрағасының бірінші орынбасарының айтуы бойынша өткен жылдар ішінде халықаралық стандарттарға сәйкес заманауи қылмыстық жазаларды орындау жүйесін қалыптастыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. Жүктелген міндеттерге сәйкес болашақта пенитенциарлық қызметін жаңғыртуды жүзеге асырылмақ.


Рустем ӘЛПИ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға