Жаңалықтар

Жайық өзенінің экожүйесін қалпына келтіру керек - депутат

Жайық өзенінің экожүйесін қалпына келтіру керек - депутат
Фото: t.me/mazhilis_kz 31.05.2023 12:05 1207

Жайық өзенін ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің қатарына қосу керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Үкімет басшысы мен Бас прокурорға сауал жолдап, жер асты суларының қорын пайдалану және анықтау мәселесін шешуді сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Батыс Қазақстан өңірлерін ауыз сумен қамтамасыз етудің стратегиялық көздерінің бірі – Ақтөбе облысында орналасқан бірегей жерасты суларының «Көкжиде» кең орны болып табылады. Алайда, 2009-2019-шы жылдар аралығындағы жер асты суларының мониторингі, ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясының жыл сайынғы асып кетуін тіркеді, - деп түсіндірді депутат.

Оның атап өтуінше, Көкжиде кен орнының айналасында 300-ге жуық мұнай газ ұңғымалары бар. Ал мемлекеттік экологтардың мәліметі бойынша, 2022-ші жылы Көкжиде кен орнының суында мұнай өнімдерінің, алты есе артық болуы тіркелді. Бұл жағдай мұнай газ компаниялары қызметімен тікелей байланысты.

Сонымен қатар, Үкіметте осы жерасты көзінен болашақта Атырау және Маңғыстау облыстарына  магистральді су құбырын тарту жоспары бар, оның қазіргі уақытта жоба алдындағы құжаттамасы жасалмаған. Жұртшылық, азаматтық қоғам өкілдері, Көкжиде кен орны шекарасында мұнай өндіруді тоқтатуды талап етті. Алайда, Ақтөбе облысының экология департаменті 2023-ші жылы «Көкжиде» жер асты суларының шекарасындағы жер қойнауын пайдаланушылардан мұнай мен газ өндіруді тоқтату жоспарына, айырбас ретінде кәсіпорындарға мұнай өндіруге рұқсат берді. Қазіргі уақытта мұнай-газ өндіру ұңғымаларын жою жөніндегі іс-шаралар жоспары әлі де ұсынылмаған, - деп дабыл қақты Мәжіліс депутаты.

Дүйсенбай Тұрғанов Бас прокурордан шұғыл шаралар қабылдауды талап етті. Сонымен қатар, батыс өңіріндегі ең ірі су объектілерінің бірі Жайық өзенінің қайғылы жағдайын да атап өтті.

«АМАNАТ» партиясының «Халықпен бірге!» атты бағдарламасында Жайық өзенінің экожүйесін қалпына келтіруге ерекше назар бөлінген. Біз бұл мәселені шешу үшін Үкіметке бірнеше рет сауалдар жібердік, бірақ бүгінгі күнге дейін тиісті шаралар қабылданған жоқ. Қазіргі уақытта Жайық өзенін ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің қатарына қосу, шаруашылық қызметті реттеудің ерекше құқықтық режимін енгізу, кеме жүретін су жолдарында тереңдету жұмыстарын жүргізу сынды өзіміз қайта-қайта көтеріп жүрген мәселелер шешімін таппай отыр. Бүгінгі таңда теңізде балық аулаумен айналысатын балық шаруашылығы субъектілері Жайық өзенінің сағасы бітеліп қалуына байланысты ауланған балықты балық қабылдау пункттеріне тасымалдау кезінде қиындықтарға тап болуда, - деді Мәжілісмен.

Мәжіліс депутаты мына мәселелерге назар аударып, тез арада шешу керек екенін атап өтті:

- «Көкжиде» жер асты сулары кен орнының шекарасында орналасқан мұнай-газ компанияларына олардың табиғатты қорғау заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәселесі бойынша кешенді прокурорлық тексеру жүргізу.

- Жайық өзенін ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерінің қатарына қосу;

- Жайық өзенінде тереңдету жұмыстарын жүргізуге қаражат бөлу мәселесін тез арада шешу;

- Жайық-Каспий бассейніндегі су шаруашылығы жағдайын жақсарту бойынша нақты шаралар туралы толық ақпарат беру.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға