Жаңалықтар

Жайық өзенінің деңгейі төмендеп келеді

Жайық өзенінің  деңгейі төмендеп келеді
Фото: Видеодан кадр 30.05.2024 16:14 543

Атырау облысындағы аудандарда Жайық өзенінің деңгейі төмендеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күні бүгінге дейін көктемгі өр суы Ақжайық ауылына көп көлемде келген болса, бүгінде су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Бұдан бөлек Аққайың және Талдыкөл ауылдарында жағдай тұрақты.

Қазір Талдыкөл ауылын тасқыннан қорғау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аудан орталығымен қатынас үзілмеу үшін автокөлік жолдарын тасқын шаюдың алдын алу жұмыстары атқарылуда. Ауыл айнала бөгетпен қоршалған.

Ауданымызда 60 тан астам шаруа-қожалық су астында қалды. Қазір шаруагерлер тарапынан тасқыннан зардап шеккені туралы өтініштер келіп, оны заң аясында тиісті мамандармен бірге қараймыз. Бір қуанарлығы аудан бойынша ешқандай тұрғын үй суға кеткен жоқ, - деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Махамбет ауданында 30 мыңнан астам адам тұрады. Жалпы ұзындығы 80 шақырымды құрайтын бөгет тұрғызылды. Бөгет нығайту жұмыстарына 800 мыңнан астам құм толтырылған қап төселген. 217 бірлік арнайы техника, 3500 ерікті, 650 әскери техника жұмылдырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға