Жаңалықтар

Жайық өзенінде екі катер соқтығысып, 9 адам жарақат алды

Жайық өзенінде екі катер соқтығысып, 9 адам жарақат алды
Фото: t.me/atyrauoil_kz 04.07.2023 12:07 1544

3 шілде күні сағат 20:05 шамасында Жайық өзенінде екі катер сосоқтығысып, 9 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған қайықтар Жайық өзенінде адамдарды серуендету қызметін атқарған.

Біреуінде 10 адам, екінші қайықта 25 адам болған. Әр түрлі дене жарақатын алған 9 адам ауруханаға жеткізілген, - делінген баспасөз хабарламасында.

Зардап шеккендердің арасында 5 ересек адам бар. Ал кәмелетке толмаған 4 бала облыстық балалар ауруханасына түскен. 

Полиция қызметкерлері аталған оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 1-бөлігімен (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға