Жайық-Каспий бассейнінде 116 миллионнан астам балық құтқарылды
Биылғы жылдың көктемінде Жайық-Каспий бассейнінің су қоймаларында су деңгейі жоғарыболды. Тасқын кезінде өзендер тасып, сумен біргежайылым аймағына уылдырық шашып болғанбалықтар мен олардың шабақтары көшіп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жайық-Каспий өзендерінің облыс аралықбассейндік инспекциясы Жайық өзенінің негізгіарнасындағы су деңгейі төмендегеннен кейін пайдаболған шығанақтардан балықтар мен олардыңшабақтары өту үшін каналдар қазу арқылы балықшаруашылығын жақсарту шараларынұйымдастырды.
2024 жылдың маусым айының басынан бастапбөлініп қалған су қоймаларынан 116 млн-нан астамбалықтар мен олардың шабақтары құтқарылды, оның ішінде Атырау облысында 91 млн-нан астам, Батыс Қазақстан облысында 25,3 млн.
Орташа салмағы 12-14 грамм болатын сазан, алабұға, шортан, қарабалық шабақтарықұтқарылды және кейіннен Жайық пен Қиғашөзендеріне тірідей жіберілді.
Жайық-Каспий бассейнінің су қоймаларынанбалық шабақтарын құтқару жұмыстары жалғасудажәне тұрақты бақылауда.