Жаңалықтар

Жаяу Мұса Байжанұлының туғанына 189 жыл

Жаяу Мұса Байжанұлының туғанына 189 жыл
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 30.07.2024 09:24 417

Әнші, сазгер, ақын Жаяу Мұса Байжанұлының туғанына 189 жыл, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жаяу Мұсаның әншілік, композиторлық өнері халық музыкасымен тығыз байланыста дамыды. Сол тұста өмір сүрген Тоқсанбай, Жанақ, Түбек, Көтеш, Жаңабай сынды ақын-жыршылардың дәстүрлерін үлгі тұтып, жаңашылдыққа ұмтылды.

Жаяу Мұсаның Шоқан Уәлихановпен бірге жүруі, Ыбырай Алтынсариннің өлеңіне ән шығаруы, өлеңмен күнделік жазуы, Абайға өлең арнауы — оның заман лебін терең сезінгендігін байқатады.

Сазгердің  әлеуметтік теңсіздікті әшкерелейтін «Ақсиса», «Хаулау», «Шормановқа», туған жер табиғатын суреттейтін «Баянауыл», «Жаздың күні», «Жазда» атты әндері бар. Сондай-ақ ол лирикалык сипаттағы «Қыз күйі», «Қыз-бала күйі», «Қызқарқара», «Қамшылау» сияқты күйлердің де авторы. 

Жаяу Мұса композитор, әнші ғана емес, өз әндеріне лайықтап, өлең шығарған ақын. Көптеген мысқыл өлеңдерімен қатар «Шал мен торғай», «Бөдене мен қаншыр» атты мысалдары да бар.

Біртуар тұлға қазақ қоғамының әлеуметтік өміріне белсене араласып, ұлт мәдениетіне елеулі үлес қосты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға