Жауынгерлік спорт түрлерінен жабық ғимараттағы Азия ойындары өтпейтін болды
19.08.2024 20:43
Фото:
olympic.kz
Таиландтың Бангкок және Чонбури қалаларында тиіс жауынгерлік спорт түрлерінен жабық ғимараттағы 6-шы Азия ойындары өтпейтін болды. Спорттық дода 21-30 қараша күндері өтуі керек болатын. Бұл туралы ҰОК мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Азия Олимпиада кеңесінің Атқарушы комитеті шұғыл отырыс өткізіп, жарысты ұйымдастырушы қалалардың бюджеті мен инфрақұрылымы жоқтығын және өзге де талаптарға сай келмейтінінін анықтап, ойынды өткізбеу туралы шешім қабылдаған.
Айта кетелік, аталған ойындар COVID-19 індетіне және Таиланд билігінің ауысуына байланысты бірнеше рет шегерілген болатын.
АОК Атқарушы комитетінің шешімі бойынша келесі ойындар Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

