Жаңалықтар

Жауын-шашын және көктайғақ: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Жауын-шашын және көктайғақ: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы
Фото: El.kz 06.03.2023 19:43 939

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атлантика циклоны Қазақстанның батысынан шығысына ауысады. Осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жауын-шашын жауады, жаяу бұрқасын, екпінді жел және көктайғақ болады. Еліміздің оңтүстігінде күн жаңбырлы.

7-9 наурыз аралығында шығыста, 7 наурызда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 8 наурызда оңтүстікте, 8-9 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады.

Тек 8-9 наурызда батыста, 9 наурызда еліміздің орталығында жауын-шашын тоқтайды.

Республика бойынша тұман түседі.

9 наурызға қарай еліміздің солтүстік, орталық, шығыс өңірлерінде түнгі уақытта температура 7-17 градус аязға дейін, оңтүстік өңірлерде түнде 5 аяз - 5 жылыға дейін, күндіз 5-12 жылыға дейін төмендейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға