Жаңалықтар

Жаттығу залына баруға уақыт болмаса...

Біз бүгін жаттығу залына бармай-ақ шынығу жайлы әңгімелейтін боламыз.
18.02.2016 03:30 8073

Динамикаға толы заманда ең бағалы құндылық ол — уақыт. Тым қауырт заманда өмір сүргендіктен көптеген жоспарларымыздың орындалуына уақыт тапшылығы кедергі жасайды. Қарапайым жаттығу залына барып бір сағат шынығу қол жетпес арманға айналатын кездер де болады.

Спортпен шұғылдануды, дене бітіміңіздің әдемі болуын қалайсыз ба? Дегенмен жұмыстың немесе басқа да кедергілердің  кесірінен жаттығу залына баруға мүмкіндік болмай жүр ме? Еңсеңізді түсірмеңіз! Мұның да амалын табуға болады. Біз бүгін жаттығу залына бармай-ақ шынығу жайлы әңгімелейтін боламыз.

Жерден көтерілу (отжимания) немесе отырып-тұру (приседания) секілді жаттығулардың пайдасын көпшілікке белгілі. Ғаламторда олардың пайдасы туралы ақпарат өте көп. Ал егер бұл жаттығулар сізге аздық етсе, үлкен шығынсыз  үйіңізді нағыз жаттығу залына айналдырып жіберуге болады. Ол үшін біраз уақыт пен аз ғана қаражат жеткілікті.

1. Бөтелкеден штанга

Егер штанга көтеруді аңсап жүрген болсаңыз, оны үй жағдайында жасау қиын емес. Ол үшін сізге 2 литрлік сегіз  бөтелке, скотч, күректің сабы немесе кез-келген ұзын ағаш қажет. Бөтелкелердің ішіне құм толтырып бір-біріне ораймыз.

Жаттығу залына баруға уақыт болмаса...

 2. Цементтен жасалған гонтель

Қолымыңыздың бұлшық етін жаттықтыру үшін қымбат гонтелдер сатып алудың қажеті жоқ. Оларды өзіңіз-ақ жасап ала-аласыз. Ол үшін сізге: құм, цемент, темір құбыр, бұрама шеге және шелек қажет. Құм мен цементті  (бірге-бір) теңдей қылып қосып, су құйып араластырып алыңыз.  Осыдан кейін темір құбырдың екі басына бұрама шегені бұрап, бір басын шелектегі цемент пен құмның тура ортасына кіргізіңіз. Кепкенін күтіп, екінші жағын да дәл осы әдіспен қатыру қажет. Міне гонтеліңіз де дайын!

Жаттығу залына баруға уақыт болмаса... Жаттығу залына баруға уақыт болмаса...

3. Велотренажер

Велотренажер жайлы армандамайтын әйел заты кемде-кем. Бұл жаттығу қан айналымыңызды жақсартып, аяқ бұлшықетінің шынығуына және арықтауға септігін тигізеді. Дегенмен,  бұл тренажердың бағасы спорт дүкендерінде жүз мыңнан асып жығылады. Сондықтан, бұл жерде де үнемдеуге мүмкіндік бар. Егер үйіңізде ескі шайтанарба болса, тіпті оңайға соғады. Ол үшін спорт дүкенінен велосипеттің  астына қоятын тіреу мен аяғыңызға байланатын қосымша салмақ қосқыш сатып алсаңыз болғаны.

Жаттығу залына баруға уақыт болмаса...

Салауатты өмір салтын ұстану үшін жаттығу залына бару міндетті емес. Әрине жаттығу залының өз артықшылықтары бар. Мысалы: кәсіби жаттықтырушы, шынығуға арналған түрлі темірлер, ерекше атмосфера... Алайда, егер шынайы ниетіңіз болса, үй жағдайында да шынығуға болады. Бұл отбасыңызбен өткізген қызық әрі пайдалы уақыт болары сөзсіз. 


Рүстем ӘЛПИ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға