Жаңалықтар

“Жастармен бірге” ұлттық декадасына 1 млн-нан астам жас қатысты

“Жастармен бірге” ұлттық декадасына 1 млн-нан астам жас қатысты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 12.08.2024 20:40 499

Елімізде халықаралық жастар күні “Жастармен бірге!” жастар ұлттық декадасы форматында мерекеленді. 3-12 тамыз аралығында бүкіл ел бойынша 1 000 000-нан астам адамды қамтитын бес мыңнан астам іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәдениет және ақпарат министрілігінің мәліметінше, халықаралық жастар күнін мерекелеудің жаңа тұжырымдамасы жастар саясатының негізгі міндеттері – жұмысқа орналастыру, нашақорлық пен лудоманияның алдын алу, экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамыту, ұлттық сананы нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ, ұлттық декада шеңберіндегі іс-шаралар жауапкершілк пен әділеттілік қағидаларына негізделген "Адал Азамат" бейнесін одан әрі ілгерілетуге ықпал етті.

Декаданың әр күні жеке тақырыппен айшықталған. Тақырыптық күндер жастарды табиғатқа ұқыпты қарау, еріктілік пен қайырымдылық мәдениетіне, адамдарға деген мейірімділікке баулыды. Сонымен қатар, денсаулық сақтау, кәсіби даму, ұлттық мәдениет тақырыптарына арналған жеке күндер де атап өтілді.

Декада шеңберінде жобаларды іске асыруға өңірлік жастар саясаты басқармалары, жастар ресурстық орталықтары, белсенділер мен волонтерлер қатысты.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға