Жаңалықтар

Жастарға төмен пайызбен несие алудың шарттары қандай?

Шағын несиені алған жастар 1,5 жыл кредиттің жарнасын төлеуден босатылады
Жастарға төмен пайызбен несие алудың шарттары қандай?
Фото: gov.kz 25.11.2022 16:42 8994

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов жастарға 2,5% кредитті қалай алуға болатынын түсіндірді. Бұл туралы El.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды.

«2023 жылдың бірінші қаңтарынан бастап, жастардың кәсіпкерлік ынтасын ояту үшін шағын несие беру мәселесі қаралып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, несиенің пайыздық мөлшерлемесі – 2,5%. Жобаны дайындап, «Ашық» НҚА сайтында орналастырдық. Несие болғасын оған кепілдік қою керек. Жоба аясында 5 млн теңгеге дейін кредит алуға болады. Ол 5 жылға беріледі», - деп жауап берді.

Кредитті ірі қара мал немесе жылқы өсіремін деп алса, кредит 7 жылға беріледі. Шағын несиені алған жастар 1,5 жыл кредиттің жарнасын төлеуден босатылатынын атап өтті.

«Осы уақыт аралығында олар өз кәсібін ашып, оны дамытуға уақыт беріледі. Биыл желтоқсанға дейін жобаның ережесін қабылдаймыз деп жоспарлап отырмыз. 1 қаңтарға дейін оны күшіне енгізіп, жұмысты бастамауымыз керек. Оператор – «Агрокредиттік корпорация», - деді ол.

Сонымен қатар, кулуарда: «Президент тапсырмасына сәйкес, жастарға 2,5% кредит беріледі. Сенатта қаралып жатқан заң жобасы күшіне енсе, келесі жылы 35 жасқа дейін адамдар жастар санатына жатқызылады. Олар осы шағын кредитті алуға мүмкіндік беріледі, шектеу қойылмайды. Барлық жасқа тең мүмкіндік беріледі. Олар алдымен «Агрокредиттік корпорация» АҚ-ға құжаттарын өткізіп, өзінің бизнес процесін қорғайды. 5 млн теңгеге дейін кредит беріледі. Мерзімі 5 жылға дейін, ал мал өсіреміз десеңіз 7 жылға дейін кредит беріледі.«Агрокредиттік корпорация» АҚ-ның әр өңірде филиалдары бар. Бұл жұмысты олар жүргізеді», – деп қосып өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға